Ссылки доступа

Қырғызстанда бір автокөлік көлге құлап, алты бала қайтыс болды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қырғызстанның Шу облысы Жайыл ауданына қарасты Алтын ауылында 20 маусымдағы жол апатынан алты бала қайтыс болды. Бұл туралы Шу облыстық милициясы хабарлады.

Милиция мәліметінше, автокөлікті 1984 жылы туған ер адам басқарған. Апат кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Автокөлік ішінде 11 адам: көлік жүргізуші, әпке-қарындастары және солардың балалары отырған. Милицияның хабарлауынша, апаттан екі отбасындағы алты бала қайтыс болды.

Аман қалғандар Жайыл аудандық ауруханаға түсті. Автокөлік жүргізушісі ұсталған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Милиция нұсқасына қарағанда, көлік басқарған адам ішіп алған.

XS
SM
MD
LG