Ссылки доступа

Өзбекстанда балабақшада балаларды аяқ киіммен ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды (видео)


Өзбекстанда Жизақ облысы Галляарал ауданында балабақшада балаларды ұрған қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Жизақ облыстық білім басқармасы хабарлады.

20 маусымда әлеуметтік желілерде бір әйелдің балаларды аяқ киіммен ұрып жүргені туралы видеоролик таралды. Тексеру барысында осы оқиға Жизақ облысындағы 16-балабақшада болғаны анықталды.

Білім басқармасында арнайы жұмыс тобы құрылған. Тексеру барысында балаларды ұрған әйелдің кім екені анықталған.

Мәліметтерге қарағанда, балабақша қызметкері жұмыстан шығарылған. Тексеру әлі аяқталған жоқ.

XS
SM
MD
LG