Sunseeker Predator 115 моделіндегі яхта биыл ақпан айында Түркиядан Сочиға әкелінген. Оны "Аверс Трейд" компаниясының атына рәсімдеген.
Бұл компанияның негізін құрушы Олег Гарай "Градпроект" және "Родина строй групп" компанияларының иесі. Журналистердің пікірінше, оның айлығына суперяхта сатып алу мүмкін емес.
Басылымның болжамынша, бұл яхта Натан Винердің анасы Ирина Винерге тиесілі. Ол Владимир Путиннің сенімді адамы және Алина Кабаеваның бұрынғы тренері. Яхтаның аты Ирина Винердің анасының құрметіне қойылған.