Ссылки доступа

"Казахстанская" шахтасындағы бес адамның өліміне қатысты сот 10 шілдеде басталады


Қарағанды облысы Шахтинск қаласы "Казахстанская" шахтасында былтыр тамыз айында өрттен қаза болған бес адамның өліміне қатысты сот отырысы 10 шілдеде басталады. Онда тағы 16 адам зардап шеккен.

Бұл соңғы жиырма жылда "АрселорМиттал Темиртау" (АМТ) компаниясына қарсы екінші сот отырысы. Айыпталушылар — төрт адам. Төртеуі де "Казахстанская" шахтасының қызметкері. Оларды қауіпсіздік ережесін сақтамады деп айыптап жатыр.

Жәбірленушілер тарапы 20 адамнан астам. Олар қаза болғандардың туысы. Шағымданушылар істі қайта қарап, шахтаның лауазымды тұлғаларын тергеуді сұраған. Бірақ прокурор қарсы болды.

Былтыр оқиғадан кейін, сол кезде төтенше жағдайлар министрі болып тұрған Сырым Шәріпханов кінәлі жұмыс беруші екені 100 пайыз анық деп мәлімдеген. Ол 28 жауапты тұлғаның анықталғанын айтқан.

Апат кезінде қолданылған техника мен құрал-жабдықтарға сараптама жасалған. Үкімет комиссиясы "көмір конвейеріндегі өрт тоқтап қалған ролик лентасының қызуынан шыққан, лента бір жарым ай ғана жұмыс істеген деген қорытындыға келген".

2023 жылы 17 тамызда "Казахстанская" шахтасынан өрт шыққан болатын. Апаттан бес адам өліп, 16 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG