Бұл жөнінде кеңестің баспасөз қызметі мәлімдеді. Толық мәлімет таяу уақытта шығатыны хабарланды.
ЕО 116 жеке және заңды тұлғаға қарсы шектеу қойған. Оның басты баптың бірі ресейлік табиғи газға байланысты. Ресей газы үшінші ел арқылы Еуропаға реэкспортталып келгені мәлім болған.
Тізімдегі 61 жеке және заңды тұлғаға Ресейдің әскери-өндіріс кешенін тікелей қолдап келді деп айып таққан. Олардың арасында Қытай, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Бірікке Араб Әмірлігі елдері бар.
Санкцияны айналып өтетіндерге қатысты қосымша шаралар енгізілген. ЕО бұдан кейін де санкцияға ілінген компаниялардың үшінші елдегі еншілес кәсіпорындары да жіті бақыланатынын ескертті.
ЕО-да жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға, саяси партияларға Ресейден қаржы алуға тыйым салынған. Бұдан бөлек әуе компанияларына да Ресей азаматтарымен қандай-да бір келісім-шартқа отыруға шектеу қойылған.