Ссылки доступа

Азия даму банкі Ыстықкөл инфрақұрылымын жақсартуға 56 млн доллар бөледі


Азия даму банкі Ыстықкөлде суларды тиімді басқаруға және туризмді дамытуға 56 миллион доллар бөледі. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, қаржының 25 миллион доллары жеңілдетілген несие, 31 миллионы грант ретінде беріледі. Жоба аясында климаттың өзгеруіне байланысты суларды тазалайтын құрылғылар және насос станцияларын салу, сонымен бірге Шолпан ата қаласының канализация инфрақұрылымын жаңарту қарастырылған.

"Бұдан бөлек жоба аясында музей және туризм ақпараттық орталығын салу, туризм инфрақұрылымын жақсарту және жергілікті архитектуралық жәдігерлерді сақтау қаралған. Сонымен бірге көл жиегін бойлай велосипед және жаяу адамдар үшін жолдар салу, үш саябақты жаңарту қарастырылған", - деп жазылған банк мәлімдемесінде.

Шілденің басында Ыстықкөл облысында экологиялық талаптарға жауап бермейтін 12 пансионаттың жұмысы уақытша тоқтатылған.

2022 жылы сәуірде президент Садыр Жапаров 2023 жылдан бастап канализациясы, су құбыры, суларды реттейтін техникалары жоқ демалыс орындарына жұмыс істеуге тыйым салатын жарлыққа қол қойған.

XS
SM
MD
LG