Ссылки доступа

Өзбекстанда құрылыста істеген жүздеген жұмысшы бес айдан бері айлық алмағанын айтады


Өзбекстанның энергетика саласында миллиардтаған доллардың жобасын іске асырып жатқан Eriell Group және Enter Engineering компанияларының жүздеген жұмысшысы айлық берілмей жатқанына наразы.

"Айлық берілмегеніне бес айдың жүзі болды. Картаға анда-санда 400 мың сумды аударып қояды. Қалғанын бермей жатыр. Желтоқсанның айлығын қаңтарда бөліп-бөліп берді. Болды. Содан бері бес ай өтті", - деді жұмысшылардың бірі.

Олардың сөзінше, соңғы үш жылда Eriell Group және Enter Engineering компанияларында айлықты кешіктіру қәдімгі көрініске айналған.

"Менің айлығым 400 доллар. Бірақ бізден төрт-бес есе көп алатын жұмысшылар бар. Қазір олардың да айлығын кешіктіріп жатыр", - дейді жұмысшының бірі.

Enter Engineering және Eriell компаниялары Кремльге жақын олигарх Бахтиер Фазыловқа тиесілі.

Бұл компаниялар Өзбекстанда 228 жобаны, атап айтқанда тау-кен және металлургия, газ және мұнай, туризм және басқа түрлі салаларды модернизациялауға және бірқатар ғимараттарды эксплуатациялауға рұқсат алған.

Өзбекстанда еңбекақы бойынша қарыздардың статистикасы жарияланбайды, бірақ айлықтың уақытында төленбей қалуы жиі кездеседі.

XS
SM
MD
LG