Ссылки доступа

Қырғызстанда тағы бір азамат Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін бес жылға сотталды


Қырғызстанда Ош облысы Араван аудандық соты 10 мамырда М. К. есімді азаматты Украинада Ресей жағында соғысқаны үшін бес жылға соттады.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Ош облыстық соты хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, сот ел азаматын шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін кінәлі деп танып, оны бес жылға соттау, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарған. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Сотталушы Ош облысының сотына апелляциялық шағым түсірген.

Қырғызстан Украинадағы соғысқа қатысқан азаматтарын бірінші мәрте соттап отырған жоқ. 2023 жылғы Асқар Құбанычбек уулу Украинада Ресей жағында соғысқаны үшін 10 жылға сотталған, бірақ Жоғарғы сот істі қайта қарауға жіберген.

Одан соң Бішкектің Бірінші май аудандық соты жазаны жұмсартып, Құбанычбекті 7 жылға соттап, сот залында босатқан. Оған үш жыл пробациялық бақылау тағайындалған. Бірақ кейін Құбанычбек Қазақстан аумағы арқылы Ресейге кеткені мәлім болды. Ал 2024 жылғы маусымда оның Ресей армиясымен тағы бір жаңа келісім-шартқа отырғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG