Ссылки доступа

СІМ Помпейдегі вандализм үшін бір қазақ азаматы ұсталғанын растады


Қазақстан сыртқы істер министрлігі Италияда ежелгі Помпей қаласындағы сәулет ескерткішін бүлдіргені үшін елдің бір азаматы ұсталғанын растады.

Қазақстаннан барған бір турист Помпейдегі археологиялық саябақта магистрат Луций Цей Секунд үйіндегі ежелгі қабырғаға ALI деп қашап жазған. Оны сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметінің өкілдері тоқтатқан. Бұл туралы Euronews хабарлады.

«Италияда еліміздің бір азаматы тарихи ғимаратта жазу қалдырғаны үшін ұсталды. Ол құқық қорғау органдарының тиісті әрекеттерінен кейін босатылды» деп хабарлады министрлік.

Қазақстан азаматының тағдырын әкімшілік сот шешеді.

Археологиялық саябақ әкімшілігінің мәлімдеуінше, турист қабырғаны қалпына келтіру үшін айыппұл төлеуі тиіс.

XS
SM
MD
LG