Ссылки доступа

«Крокустағы» шабуылдан зардап шеккен отбасылардан 100 бала Ташкент облысында демалады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залына биыл наурызда жасалған шабуылдан зардап шеккен отбасылардан 100 бала екі апта бойы Ташкент облысындағы «Анор» лагерінде демалады.

Бұл туралы «Газете.uz» Өзбекстан кәсіподақ федерациясы мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

«Анор» лагеріндегі жаңа маусымның ашылу салтанатына премьер-министрдің орынбасары Зулайхо Махкамова және басқа да шенеуніктер қатысқан.

Балалар екі апта бойы шеберлік сабақтарына, спорт жарыстарына қатысады. Бұған қоса, олар түрлі үйірмелерде білім алады. Балалар Самарқанд қаласындағы тарихи орындарды да аралайды.

XS
SM
MD
LG