Ссылки доступа

Ресейде өзара төбелескен қырғыз мигранттарының үстінен іс қозғалды


"Регион41" телеарнасының хабарлауынша, Петропавл-Камчатка өңірінде қырғыз мигранттары төбелесіп, екі адам жараланған.

YouTube’те жарияланған видеоға қарағанда, бірнеше қырғыз азаматы автокөлікте отырған отандастарын таспен атқылаған. Телеарна мәліметінше, видеоны төбелес болған көшеден өтіп бара жатқан бір адам түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Жергілікті полиция «бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

Осы өңірдегі «Мекендештер» қырғыз диаспорасының төрайымы Нұра Құрманбекова осы оқиға туралы фейсбуктегі парағына жазып, жергілікті тұрғындардан кешірім сұрады.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда, кафеде отырған қырғыз азаматтары төбелескен. Жанжалдасушы бір топ жақтастарын сол жерге шақыртқан.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі әзірге осы оқиға туралы мәлімет бермеді.

2024 жылдың алғашқы тоқсанына қатысты ресми мәлімет бойынша, Ресейде Қырғызстанның 410 мыңнан астам мигранты тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG