Ссылки доступа

Украинада соғысқа қатысқаны үшін сотталған қырғызстандық бостандыққа шықты


“Вагнер” жекеменшік компания арқылы Украинадағы соғысқа қатысты деген айыппен сотталған Бекназар Бөрүгул уулуның жаза мерзімі қысқарып, абақтыдан шыққаны белгілі болды.

Нарын облыстық сотының мәліметіне қарағанда, қырғыз президентінің биыл 31 қаңтардағы "Рақымшылық жөніндегі" жарлығына сәйкес Бекназар Бөрүгул уулуның бес жылдық жаза мерзімі төрт жыл екі айға қысқарып, рақымшылық алған.

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бекназар Бөрүгул уулун 2023 жылдың тамыз айында Украинадағы соғысқа қатысты деген күдікпен ұсталып, кейін бес жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG