Еуроодақ осы құжатты екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың маңызды тетігі деп санайды.
Тараптар сауда, инвестиция, байланыс, зерттеу және инновация, білім, қоршаған ортаны қорғау, климеттің өзгеруі, сонымен бірге заң үстемдігі, адам құқықтары мен азаматтық қоғам салаларында әріптестікті нығайтуды көздейді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Брюссельде жүр. Ол 25 маусымда Еуроодақ президенті Шарль Мишельмен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан мен ЕО 1999 жылы келісімге отырған. Жаңа келісімді дайындау 2017 жылдың аяғында басталып, 2019 жылғы жазда аяқталған. Сол жылы қабылданады деп жоспарланған құжатқа енді ғана қол қойылды.