Ссылки доступа

Ресейде бір өзбек азаматы кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 14 жылға сотталды


Ресейдің Калининград қаласында кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскен бір өзбек азаматына үкім шықты. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, былтыр тамызда 59 жастағы Ш. тұрғын үйлердің біріндегі аулада 11 жастағы қызға тиіскен.

Ол қызға автобус аялдамасын көрсетемін деген сылтаумен оны қонақ үй жаққа ертіп апарған. Ер кісі жолда сүйісуді ұсынған, бірақ қыз бас тартқан. «Ер кісі оның жейдесін шешуге талпынған, қолымен қапсыра қысқан, қыз қарсылық көрсеткен уақытта бетінен тістеп алып, велосипедіне мініп кетіп қалған» деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Сот ер кісіні «14 жасқа толмаған азаматқа күш көрсету арқылы сексуалдық әрекет жасағаны» үшін кінәлі деп таныды.

Өзбек азаматы 14 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын тәртібі жалпыға ортақ колонияда өтейді.

XS
SM
MD
LG