Ссылки доступа

Өзбекстанда есі дұрыс адамды жүйке аурулары ауруханасына жатқызған


Өзбекстанның Қоқан қаласында жергілікті милиция мен махалла өкілдері бір тұрғынды психиатрия ауруханасына жатқызған.

Бұл туралы Өзбекстан омбудсмені Феруза Эшматова хабарлады. Омбудсменге Б. Н. есімді азамат шағымданған.

Заңға сәйкес, адамның жүйке ауруларына шалдыққан-шалдықпағанын анықтау үшін тексерілушінің рұқсаты керек. Алайда №2 аурухана дәрігері А. Жураев келісім алынбағанына қарамастан ер азаматты клиникаға жатқызып, тексеруден өткізген.

Ауруханадағы тексеру үш күнге созылған, дәрігерлер оның дені сау екенін анықтап, үйіне жіберген.

Осы оқиғаны тексерген омбудсмен кеңсесі жүйке аурулары ауруханасына хат жолдап, заңсыз әрекетке барғандарды жауапқа тартуды талап етті.

Gazeta.uz мәліметінше, дәрігер А. Жураев өз ісіне салақ қарағаны үшін сөгіс алды. Бұған қоса, ауруханада осы оқиғаға байланысты жиналыс өткізіліп, қызметкерлерге заңсыз әрекет жасауға болмайтыны ескертілді.

XS
SM
MD
LG