Ссылки доступа

Қырғызстан парламенті электронды темекіге тыйым салды


Жогорку Кеңеш депутаттары Қырғызстанда электронды темекі қолдануға, елге кіргізуге және сатуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын екінші және үшінші оқылымдарда мақұлдады.

Заң жобасын депутаттар Шайырбек Тәшиев пен Әлішер Козуев жастардың денсаулығын сақтау мақсатында ұсынған.

Құжатқа сәйкес, электронды темекі қолданған жеке тұлғаларға 10 мың, заңды тұлғаларға 60 мың сом айыппұл салынады. Ал электронды темекі сатқан жеке тұлғалар 50 мың сом, заңды тұлғалар 65 мың сом айыппұл төлейді. Оларды Қырғызстан аумағына алып келгендерге 150-200 мың сом айыппұл салу немесе 1-2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Депутат Шайырбек Тәшиевтің айтуынша, заң жобасы қабылданған соң электронды темекі сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тауарды өткізу үшін үш ай уақыт беріледі.

XS
SM
MD
LG