Ссылки доступа

Ташкентте көңілдесінің 11 жастағы қызын зорлады деген күдікті ұсталды


Ташкентте көңілдесінің 11 жастағы қызын бірнеше рет зорлады деген 31 жастағы блогер ұсталды. Бұл жөнінде Өзбекстанның әлеуметтік қорғау агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, блогер нақты дәлелдермен ұсталып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің заңды некедегі әйелі және бес баласы бар. Бірақ көңілдесімен бірге тұрған. Келіншектің басқа некедегі бір баласы болған.

Қазір қыз балаға психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG