Ссылки доступа

Президент Жапаров "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" темір жолы құрылысы жөніндегі заңға қол қойды


Қырғыз президенті Садыр Жапаров "2024 жылдың 6 маусымында Бейжің қаласында қол қойылған Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметі арасындағы "Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан" темір жолы жобасын бірлесіп жүзеге асыруда қызметтесу жөніндегі келісімді ратификациялау жөніндегі" заңға қол қойды.

Бұл туралы президент сайтында 27 маусымда жарияланды.

Заң жобасын Жогорку Кеңеш 19 маусымда қабылдаған.

Заңның мақсаты - "Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан" темір жолын бірлесіп салу жөніндегі келісім күшіне ену үшін мемлекет деңгейінде мүмкіндіктерге жол ашу.

Жогорку Кеңеш 19 маусымдағы отырысында "Қытай -Қырғызстан- Өзбекстан" темір жолы құрылысы туралы үш елдің үкіметтері қол қойған келісімде ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарап, үш оқылымда қабылдаған.

Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Ырысбек Бариев баяндама жасап жатып, жобаның құны 4 млрд 665 млн доллар болатынын білдірді.

Мұның тең жартысы – 2 млрд 332 млн долларды үш мемлекет шығарады. 51% Қытай береді, Қырғызстан мен Өзбекстан 24,5% шығарады. Яғни, Бейжің 1 млрд 187 млн доллар, Бішкек 573 млн доллар және Ташкент 573 млн доллар ақша салу керек.

Соманың екінші бөлігі – 2 млрд 332 млн долларды Қытай үш ел құрған бірлескен компанияға несие ретінде береді.

Бірлескен компанияда Қытайдың үлесі 51%, Қырғызстан мен Өзбекстанның үлесі 24,5 пайыздан болады.

Темір жол құрылысы жүзеге асатын болса, үл ел бірлесіп құрған компания 31 жыл бірге басқарады, сосын толық Қырғызстанның қарамағына өтеді.

XS
SM
MD
LG