Ссылки доступа

Қырғыз парламенті репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі заң жобасын мақұлдады


27 маусымда Жогорку Кеңеш советтік репрессия құрбандарын ақтау бойынша заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.

Құжат 1918-1953 жылдары саяси және діни сенім, әлеуметтік, ұлттық және басқа белгілері бойынша қудалауға алынғандарды ақтау үшін жазылған.

Жобада 1918-1924 жылдардағы "қызыл террор" және 1929-1953 жылдардағы сталиндік репрессия кезіндегі оқиғаларды түсінуге және оларға саяси баға беруге уақыт келгені жазылған.

Парламент төрағасы Нұрланбек Шакиев Жогорку Кеңеш тарихи шешім қабылдады деді.

Егер қырғыз президенті заң жобасына қол қойса, осы күнге дейін құпия делініп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында сақталып келген құжаттар Мемлекеттік архив қызметіне өткізіледі.

1937-38 жылдары болған репрессия кезінде Қырғызстаннан 20 мыңнан 40 мыңға дейін адам өлім жазасына тартылған.

Сталиндік репрессия жылдары жалпы СССР халқының 1,7 миллионы ұсталып, олардың миллионға жуығы атылған.

XS
SM
MD
LG