Ссылки доступа

Сан-Францискода Айдос Садықовты қолдаған акция өтті


АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында "Бәсе" youtube каналының негізін қалаушы және оппозициялық белсенді Айдос Садықовты қолдау акциясы өтті.

Акцияға қатысқан қазақ суретшісі Қанат Ибрагимов "Садықовты фейк президент Тоқаев аттырғанын" айтты.

"Қарсыласымыз біздің досымыз Айдос Садықовқа от атқаны үшін Қазақстанның үш патриоты Юнион-скверге келдік", - деді ол. Оның акцияда қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлеген видеосы Youtube желісіндегі "Бәсе" каналына жарияланды.

18 маусымда Украина астанасы Киевте белгісіз біреу қазақстандық оппозициялық белсенді, Youtube желісіндегі "Бәсе" каналының авторы Айдос Садықовты үйінің маңында көлігінде отырған кезде атып кеткен. Айдостың қасында болған әйелі Наталья Садықова зардап шекпеген. Украина бас прокуратурасы Қазақстан азаматына "қасақана өлтіру мақсатында қастандық жасау" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастағанын мәлімдеген.

21 маусымда Украина ұлттық полициясы қазақстандық оппозициялық белсенді әрі журналист Айдос Садықовқа қастандық жасаған адамдарды анықталғанын хабарлады.

Қазақстаннан кетіп, Украинадан босқын мәртебесін алған Айдос пен Наталья Садықовтар интернетте "Бәсе" каналын жүргізіп, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның төңірегіндегілерді және Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда кезекті өкілет мерзімі аяқталмай жатып қызметінен бас тартқан кезде орнына қалдырған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сынайтын видеоларды үнемі жариялап келген. "Бәсе" Youtube-арнасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған.

XS
SM
MD
LG