Ссылки доступа

Өзбекстандағы BYD зауыты электромобиль шығарып жатыр


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 27 маусымда Жизақ облысында болып, BYD Uzbekistan Factory бірлескен кәсіпорынының қызметімен танысты, зауытта шығарылған алғашқы автокөліктерге қол қойды.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыт биыл қаңтарда Қытай президентінің Өзбекстанға сапары кезінде іске қосылған. Өндіріс құны 160 млн доллар. Зауыт жылына 50 мың электромобиль шығарады.

Зауытта қазір Chazor және Song Plus Champion маркалы авокөліктер шығарылып жатыр.

Жобаның екінші кезеңінде өндіріске тағы 300 млн доллар құйылып, зауыт қарқыны 200 мың электомобильге дейін артады. Үшінші кезеңде 500 млн доллар инвестиция салынып, өндіріс қуаты 500 мың электромобильге жетеді.

Қазір кәсіпорында 1200 адам жұмыс істейді. Үшінші кезеңде 10 мың адам жұмыспен қамтылады.

XS
SM
MD
LG