Ссылки доступа

Кеме салатын "Зенит" зауыты сатуға шығарылмақ


Қазақстанның кеме шығаратын "Зенит" зауыты жекеменшікке берілетін компаниялар тізіміне енді.

Бұл үкіметтің "2021-2025 жылдарға жекешелендірудің кейбір мәселелері жөніндегі" қаулысына өзгерістер енгізу туралы жаңа құқықтық актілер порталына жарияланды.

Қазақстан үкіметі мемлекеттік активтерді жекешелендірудің жаңа толқынына дайындалып жатыр.

Жекешелендіру бойынша ұлттық кеңсе жаздың соңына дейін сатылатын нысандардың тізімін анықтауы тиіс. Билік қазанның соңына дейін нақты тізімін бекітіп, оны жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосуы тиіс.

"Орал "Зенит" зауыты" акционерлік қоғамы 1941 жылы құрылған. Онда негізінен кеме салынады.

Былтыр "Зенит" зауыты Қазақстанның теңіз флоты үшін кемелерді салу бойынша Түркияның қорғаныс министрлініне қарайтын ASFAT және YDA компанияларымен келісімге келген. Желтоқсан айында өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Азамат Бейісбеков түркиялық құрылыс компания инвестиция салу шартымен зауытты сатып алуға дайын екенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG