Өрт түнгі сағат үште толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Абдулла Кулдашевтің өзі барған. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.
Ташкенттегі "Чорсу" базары Өзбекстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі базарлардың бірі. "Чорсу" базары Орталық Азиядағы Жібек жолы және моңғол басқыншылығы дәуірінен бері белгілі.