Ссылки доступа

Өзбекстанда тегін тауарларды тарататын шараларға тыйым салынды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов түрлі тауарларды тегін тарататын жаппай шараларға тыйым салу жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, азаматтарды бұқаралық шараларға түрлі тауарларды, оның ішінде азық-түліктерді тегін немесе "өте төмен бағада беруге" уәде беретін жиындарға тыйым салынады.

Бұйрықтың атқарылуын бақылау елдің ішкі істер министрлігі мен Ұлттық гвардияға тапсырылды. Талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Биыл 1 маусымда Балаларды қорғау күнінде Ташкенттегі Ашғабад саябағында 20 мың жұмсақ ойыншықтарды ақысыз тарату бойынша акция жарияланып, 40 мыңға жуық адам жиналған.

Онда бұқаралық шараларды өткізу ережесін бұзғаны үшін саябақ директоры, орынбасары және жарнама бөлімінің басшысы 15 тәулікке қамалып шыққан.

XS
SM
MD
LG