ТЖМ бұл аймақта селдің салдарын жою істері жүріп жатқанын хабарлады. Зардап шеккен адамдар жоқ.
Ош-Баткен жолы жабылғандықтан жолаушыларды жолға шықпай тұруға шақырды.
Жұма, 28 маусым күні түстен кейін Науқат ауданындағы лай аралас топырақ көшіп, тасқын су үйлердің ауласын басып, жолдарды бүлдірді. Тасқын салдарынан опат болғандар саны сегіз адамға жетті.
Таулы жердегі Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Кейін оларды қауіпсіз жерге көшірді.