Ссылки доступа

Қырғызстанда үш округ бойынша парламентке сайлау өтті


Орталық сайлау комиссиясының автоматтандырылған есептеу жүйесінің бастапқы қорытындысы шықты.

Оған сәйкес, №5 Ноокат округынан үміткер Бақытбек Марипов 11 523 (44.99%) сайлаушының дауысын алып, алдыға шықты. Бұл сайлау округы бойынша 91 мың 57 сайлаушының 25 611 (28.13%) дауыс берді.

№29 Свердлов округынан Жұмабек Салымбеков 10 611 (64.61%) дауыс алып, алдыға шықты. Бұл округ бойынша 22 975 сайлаушының 16 424ү (13.36%) дауыс берген.

№36 Ыстықкөл округынан Айжігіт Тыналиев 3498 (16.04%) дауыс алып, бірінші орында келе жатыр. Бұл сайлау округы бойынша 97 331 сайлаушының 21 807 (22.40%) дауыс берді.

30 маусымда №5 Ноокат, №36 Ыстықкөл және №29 Свердлов бір мандатты сайлау округтары бойынша Жогорку Кеңешке депутаттарды қайта сайлау өтті. Үш округтан 29 үміткер ал салысқан, олардың екеуі әйел.

XS
SM
MD
LG