Ссылки доступа

Тәжікстанда бюджет қызметкерлерінің айлығы 40, зейнетақы 30 пайызға көбейді


1 шілдеден бастап Тәжікстанда мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің, әскер қызметкерлері нің айлығы, сонымен бірге студенттердің стипендиясы 40 пайызға көбейді.

Бұл туралы президент Эмомали Рахмонның 2023 жылғы желтоқсанда халыққа жолдауында айтылған.

Президент жарлығына сәйкес, 1 шілдеден бастап зейнетақы 30 пайызға артады.

Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде биыл 1 шілдеден бастап Тәжікстанда ең төменгі еңбекақы көлесі 800 сомони болатынын мәлімдеген. Бұған дейін ол 600 сомони болған.

Орталық Азияның басқа да елдерімен салыстырғанда, Тәжікстанда айлық көлемі әлдеқайда төмен. Сарапшылар мұның себебін мемлекеттік мекемелерді жайлаған сыбайлас жемқорлықтан көріп отыр.

XS
SM
MD
LG