Ссылки доступа

Қазақстан селден зардап шеккен Қырғызстанға гуманитарлық көмек жеткізді


Қырғызстандағы сел
Қырғызстандағы сел

1 шілдеге қараған түні Қазақстаннан Қырғызстанға Ош облысы Ноокат ауданында селден зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, гуманитарлық жүкте азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар бар.

28 маусымда Ноокат ауданында сел жүріп, соның салдарынан тоғыз адам қаза болды. Олардың арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Балалар туыстары қонаққа барған.

Құтқарушылар тағы бір адамды іздестіріп жатыр. Ауданда төтенше жағдай жарияланды. 29 маусымда апат аймағынан 1300-ден астам адам көшірілді.

Бұл уақытта, Қырғызстанда мерт болған төрт баланың денесі арнайы бортпен Өскеменге жеткізілді. Бұл туралы дүйсенбі күні Шығыс Қазақстан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін қаза тапқандардың денесін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды" делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар мен "Халифа Алтай" мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алған. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG