Гордонды терроризмге шақырды, орыс армиясы туралы "фейк" ақпарат таратты деп айыптады.
Тергеу мәліметінше, "2022 жылдың наурыз айында Украинада жалпы масштабты соғыс басталғанда, Гордон өзінің YouTube-каналында шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратып, АҚШ президенті Джо Байденді Ресейге ядролық шабуыл жасауға шақырған".
Гордон телеграм каналында бұл үкімге 🤡 клоун эмодзиімен пікір білдірді.
Дмитрий Гордон - Украинаның танымал журналисі және Киев қалалық кеңесінің бұрынғы депутаты. "Гордон" интернет-басылымын құрушы.