Оңтүстік Корея тауарлары тиелген алғашқы пойыз Қытайда орналасқан Ляньюньган портынан шықты. Ол Қазақстан арқылы өтіп, Өзбекстанға жетеді.
Мәліметтерге қарағанда, жүк пойыздары бағытының ашылу салтанатына төрт елдің өкілдері қатысқан.
Оңтүстік Корея тауарлары Қытай портына теңіз жолы арқылы жеткізіліп, сол жерде жүк контейнерлеріне тиелген. Ол темір жолдар арқылы Өзбекстанға жетеді.
Министрлік мәліметінше, Оңтүстік Корея – Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы жүк контейнерлері көші үнемі жүріп тұрады.