Ссылки доступа

БҰҰ бас хатшысы Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара дауы бейбіт жолмен шешілгенін қалайды


БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара дауы бейбіт жолмен шешілгенін қалайды. Ұйым басшысы 2 шілдеде Шолпан-Ата қаласында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Ол шекара мәселесін жанжалсыз шешудің үлгісі деп Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны шегендеу ісінің сәтті аяқталғанын атап өтті.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекара мәселесін реттеуге талпынып жатыр. Екі елдің жұмыс топтары былтырдан бері үнемі кездесу ұйымдастырып келеді. Биыл ақпан айында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон шекараның 90 пайыздан астамын сипаттау аяқталғанын мәлімдеген.

Тәжік-қырғыз шекарасы шамамен 980 шақырымға созылып жатыр.

Орталық Азия елдерін аралап жүрген Антониу Гутерриш аймақтағы бес елде болады. Ол 4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

XS
SM
MD
LG