Саясаттанушының сөзінше, белгісіз екі адам көлікпен келіп, ауланың шыға берісіне тұрып алған. Одан соң белгісіз екеу оған шабуылдамақ болып, "Димаш, бұл сенбісің?" деген.
Әлжанов оқиға 2 шілдеге қараған түні түнгі 00:30 шамасында болғанын айтады. Полиция саясаттанушы жазған арызды қабылдап алған.
2 шілде таңертең Әлжанов бақылау камерасына түсіп қалған видеоларды жариялады. Кадрда екі адам аулаға кіріп, кейін қашып бара жатқаны көрінеді. Саясаттанушы екі адам шабуыл жасамақ болып, кейін қашып бара жатқанын айтады.
Алматы полициясы жағдайға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.
Димаш Әлжанов – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы, елдегі саяси ахуал мен белсенділерді қудалау, шулы соттар жайлы ашық пікір білдіріп жүрген саясаттанушы.