Ақпаратқа қарағанда, оқиға екі ай бұрын болған. Алаяқтар әйелге электрондық пошта арқылы байланысқа шығып, Африкада ірі компания иесі қаза болғанын, ол оның алыстағы туысқаны болуы мүмкін екенін айтып, 3 млрд долларға жететін мұрасын алу үшін 90 мың доллар аударуы керек екенін айтып алдаған.
Бұған сенген әйел өзі тұратын үйін 90 мың долларға сатып, ақшаны бөліп-бөліп жіберген.
"Бірінші кезеңде ақша Түркияға аударылған. Түркиядан сұрастырып көрсек, ол ақша Еуропа елдерінің біріне жіберілген. Қазір бұл ақша бес-алты елде "айналып жатыр", - деді ІІМ өкілі Умиджон Хамракулов.
Өзбек билігі бұл оқиғадан өте мұқият болуға шақырған.