Әзірге оған қандай айып тағылып жатқаны жөнінде ресми мәлімет жоқ. Ресейдің Спорт күресі федерациясы Исматзоданың қамалғанын растады.
Алишер Исматзода 32 жаста, ол Душанбеде туған. 2015 жылы Ресейдің Дене тәрбиесі, спорт және туризм мемлекеттік университетін аяқтаған. Ресейдің еркін күрес бойынша спорт шебері, грек-рим күресі бойынша спорт шеберлігіне үміткер.