Мәліметтерге қарағанда, 37 жастағы Хурсандбек Ахмедов 25 маусымда «Киев» метро станциясында ұсталған.
Оның жейдесінде Украина елтаңбасы басылған. Бұған қоса Ахмедов Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерін сынағанын мойындаған. Құқық қорғау органдарының өкілдері өзбек азаматының киімі мен орынды сынына қарап-ақ оны Ресей армиясына кір келтірді деп айыптаған.
27 маусымда өткен сот отырысында Ахмедов кінәлі деп танылған. Оған 50 мың рубль ($570) айыппұл салынған.
«Осторожно, Москва» жобасы жариялаған сот үкімінде Хурсандбек Ахмедовтың Ресей азаматтығы бары айтылған.