Бұл туралы үкіметтің 2 шілдедегі жиналысында Ақылбек Жапаров мәлімдеген.
Ноокат ауданындағы табиғат апатына арналған жиналыста төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев биыл сәуір-маусым айларында 236 сел болғанын айтты. Табиғат апаттарының салдарынан бірнеше шақырым жол, тоғыз көпір бұзылған.
Ош облысының Ноокат және Қара-Құлжа аудандарында жүрген селдерден 14 адам қаза болды. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар.