Ссылки доступа

Өзбек-қазақ шекарасында жерасты жасырын жолы табылды


Ташкент облысында өзбек-қазақ шекарасында контрабандаларға тиесілі ұзындығы 310 метр жерасты жолы табылды. Бұл жөнінде Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы шұғыл тексеру кезінде дәрі-дәремектердің кезекті партиясы Делиден (Үндістан) Алматыға (Қазақстан) Ташкент арқылы транзитпен жеткізіліп, әрі қарай Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шекараға жақын Достық ауылына алынып келгені анықталған. Жүк жасырын тоннель арқылы Ташкент облысы Урикзор махалласына жеткізілген.

Жасырын жерасты жолы сол ауылдың 49 жастағы тұрғынының үйінен шыққан. Ақпаратқа қарағанда, жерасты жолы жарықтандырған, онда жүк таситын арбалар және арқандар болған.

Күдіктілерден Үндістанда жасалған 17 048 дәрі-дәрмек тәркіленген. Олардың ішінде "Альбумин", "Ремдесивир", "Меропенем" және басқалар бар. Олардың жалпы бағасы 80 мың долларға жақын деп бағаланып жатыр.

Қылмыстық топқа қатысы бар бірнеше адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG