Онда 24 тонна ұн, 12 тонна күріш, 10 тонна қант және басқа да азық-түлік бар.
Ноокат ауданы әкімі Жақыпбек Субакожоев көмек комиссия шешімімен мұқтаж адамдарға тарқатылып беріледі деді.
Ноокат ауданында 28 маусымда қатты нөсерден 125 үйді су алған.
Соңғы екі аптада Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарында селден кемінде 16 адам қаза тапты.
Қазақстан да селден зардап шеккен қырғызстандықтарға көмек жіберді.