16 қаңтарда Бішкектің Бірінші май аудандық соты Төрөкулованы бес жылға еркінен айырып, үш жылдық пробациялық мерзіммен абақтыдан босатқан.
Прокуратура апелляциялық арызбен қалалық сотқа қайрылған. 5 сәуірде Бішкек қалалық соты оған берілген пробация мерзімін жойып, қайта қамауға алған.
Бұған наразы болған белсендінің адвокаты Жоғарғы сотқа арыз түсірген, бірақ ол қанағаттандырылмады.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Зарина Төрөкулованың "жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша былтыр қыркүйекте ұсталғанын мәлімдеген.
Белсенді оған дейін "Улуу журт" және "Күч биримдикте" партиялары арқылы депутаттыққа үміткер ретінде қатысқан.