Оның айтуынша, баланы күдіктінің әпкесіне тапсырған. Өйткені баланың әкесін Ресейден шығарып жіберген.
Бұның алдында күдіктінің туыстары Қырғызстан билігінен көмек сұрап, Мәскеу полициясы бір жарым жастағы баланы уақытша балалар үйіне өткізгенін хабарлаған.
Токтосуновтың айтуынша, қырғыз әйелі Мәскеуде жалға алған пәтерде басқа да еңбек мигранттарымен бірге тұрған. Полиция оны шетел азаматтарын Ресейге шақырып, заңсыз миграция ұйымдастырды деп айыптап отыр. Сот әйелді кінәлі деп тапса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Қырғызстан СІМ мәліметінше, 2024 жылғы төрт айда Ресейден 282 қырғыз азаматы депортацияланған. Қазір Ресейде Қырғызстанның 411 мың азаматы тұрып жатыр.