Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, соттың осы отырысында судья адвокаттардың бұлтартас шарасына қатысты апелляциялық шағымын қараудан бас тартты. Прокурор алғашқы сот инстанциясының шешімі қайта қарауға жатпайтынын ескерткен. Судья мемлекеттік айыптаушы уәжін құп көрген.
Temirov LIVE жобасының жетекшісі Махаббат Тәжібек қызы, журналист Азамат Ишенбеков, «Алға Медиа» редакциясының қызметкері Ақтілек Қапаров, Temirov LIVE журналисі Айке Бейшекеева әлі қамауда отыр.
Temirov LIVE және «Айт, Айт десе» жобаларының қазіргі және бұрынғы 11 қызметкері биыл қаңтардың ортасында ұсталған. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке үндеу» бабы негізінде айып тағылған.