Ссылки доступа

БҰҰ Бас хатшысы Душанбеге барды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 4 шілденің кешінде Тәжікстан астанасына барды. Оны әуежайдан бірінші вице-премьер-министр Хоким Халикзода күтіп алды.

"Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі Антониу Гутерреш президент Эмомали Рахмонмен кездесетінін хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азияға сапары 29 шілдеде басталған. Антониу Гутерриш осыған дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға келген. Ол Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының жиынына қатысты.

Ол соңғы рет Орталық Азия елдерінде 2017 жылы болған.

XS
SM
MD
LG