Ссылки доступа

Төрт қалада террорлық қауіптің "сары" деңгейі алынды


Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілдеде түнгі сағат 12-ден бастап антитеррорлық операцияның құқықтық режимі тоқтатылып, террористік қауіптің орташа "сары" деңгейі алынды.

Бұл жөнінде жұма күні Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық шұғыл штабы мәлімдеді.

Мұндай шешім ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиті мен Қытай президентінің мемлекеттік сапары аясында қабылданған.

2 шілдеде төрт қалаға террористік қауіптің "сары" деңгейі енгізілген.

ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде Астанада қауіпсіздік шаралар күшейтілген деңгейде өтті.

XS
SM
MD
LG