"Ховар" ұлттық агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қытай лидерінің Тәжікстанға сапары 6 шілдеге дейін созылады.
"Сапар аясында екіжақты және кең құрамда келіссөздер болады. Қытай лидері басқа да ресми шараларға қатысады", - деп айтылады мәліметте.
Си Цзиньпин Тәжікстанда үкімет және парламенттің жаңа ғимараттарының ашылу салтанатына қатысады деп күтіледі. Бұл үшін Бейжің 230 миллион доллар бөлген.
Соңғы жылдары Қытай Тәжікстанның ең ірі инвесторларының бірі болып қалды.
21 маусымда Душанбеде өткен форумда қытайлық инвесторлар 500 миллион доллардан астам қаражат бөлуге уәде еткен.
Онда Хожент қаласында темір рудасын қайта істету фабрикасын салу, орталық негізгі стадионды жаңарту және жергілікті такси қызметі үшін қытайлық электромобилдерді сатып алу бар.
Тәжікстан қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Душанбе Қытайдың Экспорт-импорт банкіне 900 миллион доллар қарыз. 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 1,4 миллиард долларды құраған.