Ссылки доступа

Қырғыз соты Адахан Мадумаровтың мандаты бойынша арызды қабылдамады


4 шілдеде Бішкектің әкімшілік соты Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Адахан Мадумаровтың мандатына байланысты жаңа ашылған жағдайлар бойынша арызын қарау өтініш қабылдамады. Бұл жөнінде Азаттыққа Бішкек қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

ОСК 26 сәуірде сот шешімін негізге алып, Адахан Мадумаровты мандатынан айырған. Саясаткер бұл шешімге қарсы сотқа арыз берген. Бірақ сот бұл шешімді қанағаттандырмады.

Жеті ай бойы тергеу абақтысында жатқан Адахан Мадумаров 26 сәуірге бостандыққа шыққан. Оған "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Сонымен бірге Чыңгыз Абдымомунов деген азамат 2015 жылы “Бүтүн Кыргызстан” партиясына 50 мың доллар бергенін айтып, оны қайтарып беру өтінішімен милицияға арыз жазған.

Саясаткер өзіне қарсы қозғалған істердің саяси астары бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG