Ссылки доступа

Ташиев пен Ятимов Тәжікстанда шекара мәселесін талқылады


Тәжікстанның Соғды облысындағы Бустон қаласында Қырғызстанның және Тәжікстанның арнайы қызметі басшылары - қырғыз - тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселесі бойынша үкіметтік делегациялардың тең төрағалары Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов кездесті.

Тараптар қырғыз-тәжік шекарасының әлі шешілмеген учаскелерін талқылады.

Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу достық әрі өзара түсінісу жағдайында өткен.

Енді келесі кездесу Қырғызстанда өтеді.

Былтыр жыл соңында қырғыз президенті Садыр Жапаров екі ел арасындағы шекараны түпкілікті бекіту 2024 жылдың жазында шешіледі дегенді айтқан.

Екі ел арасындағы шекара қашықтығы 972 шақырым.

XS
SM
MD
LG