Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу нұсқасынша, күдікті әлеуметтік желілерде үнемі арандату мақсатында материалдар жариялап, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, билікті күшпен басып алуға үндеген.
Осының алдында арнайы қызмет билікті басып алуды көздеген бес азамат ұсталғанынын, олардың үйлерінде қару табылғанын хабарлаған.