Ссылки доступа

Өзбекстанда тыңайтқыш өндіретін «Maxam-Chirchiq» зауытына қарсы іс қозғалды


Бәсеке жөніндегі комитет «Maxam-Chirchiq» компаниясы тыңайтқыш бағасын негізсіз көтергенін анықтаған.

Мекеме мәліметінше, компания әрекетінен баға 10-15 пайыз қымбаттаған. Соның салдарынан республикада ауыл шаруашылығы өнімдері қымбаттауы мүмкін.

Maxam-Chirchiq компаниясы 2007 жылы Ташкент облысында құрылған. Ол тыңайтқыш, басқа да химиялық өнім шығарумен айналысады.

Компания сайтындағы мәліметке қарағанда, зауыт 40-тан аса өнім шығарады. Олардың арасында карбамид, аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, калий сульфаты бар.

XS
SM
MD
LG