Ссылки доступа

Астана артық өндірілген мұнай көлемін өтеуге уәде берді


Қазақстан артығымен орындаған мұнайдың көлемін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін өтейді. Бұл жөнінде энергетика министрлігі мәлімдеді.

Осыған дейін шетел басылымдары Қазақстан ОПЕК+ ұйымы белгілеген мұнай өндіру квотасын сақтамағанын жазған.

"Қазақстан ОПЕК+ келісімін ұстанатынын растайды және оған мүше елдер бірлесіп қабылдаған шешімдерді қолдайды. Астана ОПЕК+ ұйымы министрлерінің 37- кездесуіндегі шешімдер қорытындысына компенсациялау жоспарын дайындады. Оған сәйкес, жылдың бірінші жартысында артық өндірілген мұндайдың көлемі 2025 жылдың қыркүйегіне дейін өтеледі. Қазақстан міндеттемелерін орындайды", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бір күн бұрын шетел басылымдары, оның ішінде Business Insider Иракта, Қазақстанда және Ресейде мұнайды артық өндіріп жатқанын хабарлаған. Bloomberg басылымы Қазақстан халықаралық ұйым белгілеген квотаны есепке алмай жатыр деп айыптаған.

Былтыр қараша айында Қазақстан 2024 жылдан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 82 мың баррелге азайтатынын білдірген.

XS
SM
MD
LG