Бішкек әкімдігінің қаладағы троллейбустарды электробустарға алмастырып жатқаны мамыр айының басында белгілі болған. Қаладағы эко белсенділер биліктің бұл шарасына қарсылығын білдірген.
#SaveBishkekTrolleybus қозғалысы қоғамдық көліктің экологиялық түрін сақтап қалуға шақырған.
Айбек Жунушалиев 21 маусымда Жогорку Кеңеште сөйлеп жатып, 210 шақырымдық троллейбус линиясының 70% эксплуатациялау мерзімі өтіп кеткенін, оларды алмастыру қымбатқа соғатынын айтқан. Ол қаладағы троллейбустар Ош қаласына берілетінін жеткізген.